Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром«» автомобиль зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автомобиль шықты
Мерейтойлық автокөлік шығару қазақстандықтар арасында кең сұранысқа болатын және Қазақстанның автомобиль нарығында көшбасшы орынға ие Chevrolet Nexia моделіне келді. Мәселен, ағымдағы жылдың үш тоқсанында осы моделінің 9 мыңнан астам автомобиль сатылды.
2021 жылдың 9 айда «СарыарқаАвтоПром» 38 мыңнан астам автомобиль шығарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147%-ға артық. Пандемияға қарамастан, автозауыт жылына 60 мың автокөлік шығарып келеді.
Қостанай зауыты бүгінгі таңда JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ брендтердің өнімдерін шығарады.
Елдің ішкі нарығын қамтумен қатар, биыл отандық өндірістің 5 мыңнан астам көлігі Ресей Федерациясына, Қырғызстан, Өзбекстанға, Әзербайжан мен Беларус Республикаларға экспортқа жіберілген.
Кәсіпорынның табыстары мен жетістіктері – зауыт ұжымының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Қостанай зауытында 1800-ден астам адам жұмыс істейді, олардың SAP University-де тұрақты негізде оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар.



Abiznews Новости автомобильного бизнеса и авторемонта в России и Казахстане
